"Мақта егуде бірлік алаңға жұмсалатын шығындар жылдан жылға өсе түсуде, соған сай шығымдылық та азайып келеді. Кейінгі он жылда шикі мақтаның шығымдылығы бір гектардан 27 центнерден 22-ге дейін кеміді", - деді С. Бақтыбаев.
"Біздің бағалауымызша, бес жыл ішінде бір гектарға 20 мың теңгені құрайтын төлем шығымдылықты бір гектардан 5 - 7 центнерге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сол арқылы мақта өсіру саласындағы жағдайды жақсартуға болады", -деді ол.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта егілетін 7 ауданда оған арналатын егістік алқабының аумағы жыл сайын 200 мың гектарды құрайды. "Алайда, ағымдағы жылы судың тапшылығынан егіс алқаптары 150 - 160 мың гектар шамасында болмақ", - деді С. Бақтыбаев.
Статистикалық мәліметтерге сай, Оңтүстік Қазақстан облысында 2005 - 2007 жылдарда жиналған жалпы мақта көлемі 435 - 460 мың тоннаны құрады.
2006 жылы 183,4 мың тонна, 2007 жылы 144,1 мың тонна мақта талшығы экспортқа шығарылды.