Қазақстанның мектептері 12 жылдық білім беруге көшуге дайын емес

"Біздің мектептердің материалдық-техникалық базасы өте нашар, баланы 6 жастан қабылдауға дайын емес. Бізде мектептердің 40 пайызы жағдайлы ғимараттарды, көптеген мектепте тасымалданатын суды пайдаланады, ал мектептердің 40 пайызында спорт залы мүлдем жоқ. Жалпы республика бойынша ыстық тамақпен небәрі 50 пайызы ғана қамтылған. Бұл алты жастағы балаларға қажетті жағдайға әсер етпей қоймайды",- деп түсіндірді республикалық санитарлық-эпидемиялық станцияның балалар мен жасөспірімдер тазалығы бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Кәкімова.

Оның айтуынша, "балаларға жеке оқу блогы қажет, онда бірінші сынып оқушылары жоғарғы сынып оқушыларынан бөлек болады". Оның пайымдауынша, мектептерді балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жиһаздармен жабдықтау проблемасы өз шешімін таппаған, түсетін ауырпалықты теріс бөлу салдарынан омыртқада сколиоз пайда болады.

Сонымен қатар, Г. Кәкімованың айтуынша, мектептерде алты жасар бүлдіршіндер үшін демалыс бөлмелерін құру мүмкін емес, себебі кабинеттер жетіспейді. "Біз сыныптардың жабдықталуы туралы айтпаймыз, сөз олардың жетіспеушілігінде болып отыр",-деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, 12 жылдық білім беруді енгізуге қатысты бесінші жыл сараптама өткізіп отырған Алматының № 55 орта мектебінің психологы Мария Клименчуктің ақпараттарына сүйенсек, "алты жасар балалар мектепке баруға психологиялық тұрғыдан да, физиологиялық тұрғыдан да дайын емес". "Арнайы дайындалған балалар да бар, олар оқи да, жаза да алады, бірақ бір ай өтер-өтпестен олар мектептегі қарқынға дайын болмағандықтан "шаршап шырқы бұзыла бастайды",- деп атап өтті ол. Оның айтуынша, қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқу бағдарламасында қарастырылған "дене жаттығулары мен оқыту материалдарын ойын түрінде беру тәсілдері де көмектесе алмай отыр".

М. Клименчуктің мәліметтеріне сүйенсек, сондай-ақ мұғалімдер мен психологтардың алты жасар баламен жұмыс істеу жөніндегі әдістемелік оқу-құралы да жоқ. "Тапсырманы өз бетінше реттеп, икемдеуге тура келеді, себебі олар жеті жасар балаларға арналған, ал жас айырмашылығы тіпті бір ай болсада өте маңызды",- деп түсіндірді ол.