"Биыл астық бағасында шұғыл өзгерістер болмайды",- деп мәлімдеді бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ-ның сыртқы эконономикалық іс-қызмет жөніндегі департаментінің директоры Дәулет Уашев.
"Астық бағасының тұрақтылығы бірнеше факторға байланысты. Соңғы котировкаға сәйкес әлемдік нарықтағы баға төмендей бастады, және бұл ағым одан әрі жалғасады",- деді ол.
Департамент директорының айтуынша, ең ірі импорттаушылар көбінесе 4-класты бидайды сатып алады. Ал Қазақстан 3-класты бидай өндіреді. "Басқаша айтқанда, басты сатып алушылар - Ресейдің бізбен шекаралас өңірлері. Бұл өңірдегі түсім биыл да былтырғыдан төмен болмайды. Демек, тамыз бен қыркүйекте қалыптасқан Қазақстан астығына деген үлкен сұраныс қайтадан азая бастады",- деді Д.Уашев.
Оның айтуынша, Ресейдің елімізбен шекаралас аудандарындағы баға біздегімен бірдей. Бір тоннасына 120-125 долларды құрайды. "Тасымалдау мен бидайды шекарадан асырған кездегі шығын көлемі әрбір тоннасын шамамен 10-12 доларға қымбаттатады. Сол себепті біздің астықтың бағасы Ресейдегі сатып алушылар үшін ел ішінде өндірілетін өніммен парапар",- деді маман.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті