Бұл келісімге ұлттық "Бәйтерек" холдингісі делегациясының Пекинге 2-4 сәуір күндері болған сапары аясында Қытайдың даму банкісінің президенті Чжэн Чжицземен кездесуі барысында қол жеткізілген.
Делегация өкілдерінің ҚХР Экспорт-импорт банкісінің президенті Ли Руогумен келіссөздері кезінде биыл мамыр айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары барысында Шымкент мұнай зауытын жаңалау және қайта құру туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.
Сапар барысында делегация сондай-ақ Ляонин провинциясының губеранаторы Чэнь Чжэнгаомен және іскерлік топтармен кездесіп, Shenyang Yuanda Group холдингісінің өндірісін қарап шыққан.
"Бәйтерек" АҚ 2013 жылы мамыр айында экономиканы дамытуға және әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту, еншілес ұйымдарда корпоративті басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылған.