Қанат Саудабаев Британ кеңесінің еліміздегі жұмысын жоғары бағалады. Бүгінгі таңда ұйымның қолдауымен қазақстандық 80 студент Ұлыбританияда оқып, магистр дәрежесін иеленді. Жыл сайын 2 мыңнан астам қазақстандық ағылшын тілі курстарын оқып қайтады. Қазір кеңес еліміздің білім саласындағы жобаларға 2,5 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды.
"Екі ел арасындағы мәдени, гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін қарастырдық. Қазақстанның даму қарқыны таңқалдырмай қоймайды. Бізді Болашақ стипендиясы түлектерінің басым бөлігі Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында оқитыны қуантады, олардың әлеуеті өте жоғары деп білеміз",- деді Британ кеңесінің атқарушы директоры Мартин Дэвидсон.