Қазақстанның мемлекеттік қарыздары $26,6 млрд – қаржы министрлігі

«Қазақстанның мемлекеттік қарыздары 26,6 млрд доллар, үкімет желісінде – 15,8 млрд доллар және Ұлттық банкте – 10,7 млрд қарыз бар. ҚР үкіметінің сыртқы қарыздары 3739,7 млн долларды құрайды», - деп вице-министр сейсенбі күні Twitter-де жазыпты.

Бұл ретте Р. Даленов «бұл өте қауіпсіз деңгей» деп атап өтті.

Бұдан бұрын ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның сыртқы қарыздары соңғы жылдары ішкі жалпы өнімнің 10% үлесінен аспайды деп мәлімдеген.

Қазақстанның 2010 жылғы ІЖӨ Т21,51 трлн (шамамен $150 млрд) болды.