Бұл туралы бүгін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
А.Ойнаров әр жылдары Экономика және сауда министрлігінің экономикалық жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, экономикалық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары, премьер-министр кеңсесінің бөлім меңгерушісі, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары болып қызметтер атқарды.
2003 пен 2006 жылдар аралығында қаржы вице министрі, 2007 жылы экономика және қаржы жөніндегі қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылдан бастап А.Ойназаров "ТАСК Холдинг" ЖШС-де қаржы директоры, содан кейін директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болды.