"Атап өтерлік жайт, геологиялық барлауға жұмсалатын инвестициялар көлемі ұлғая түсуде. Бұл келешекте мемлекеттік балансқа қойылатын қазба байлық қоры тағы да өсетінен меңзейді", - деді Б. Ақшолақов.
"Минералдық шикізат кешеніне арналатын жалпы инвестицияның бұған дейін 70% астамы оны өндіруге, шамамен 11-12% геологиялық барлауға жұмсалатын",- деді ол.
"Жалпы, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты қайраңында көмірсутегі шикізатын өндіруде келешегі бар 200 жуық құрылым анықталған. Олардың бәрінде де геологиялық барлауға қыруар көп қаржы жұмсау қажет, қазір көптеген компаниялар дәл осы іспен шұғылдануда", -деді өкіл.
Ол қазіргі күні Каспийдегі көмірсутегі қорының болжамдары 13 млрд тоннадан асатынын, оның 8 млрд тоннадан астамы " Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты қайраңында" екенін айтты.