Қазақстанның өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешім қабылдауы - адам құқығын қорғаудағы елеулі қадам - Еуропалық Одақ

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, өлім жазасын алып тастау адам құқығын біртіндеп дамытуға және адамның қадір-қасиетінің құндылығын арттыра түсуге түрткі болмақ. Еуропалық Одақ өлім жазасына жарияланған мораторийдің сол сәттен бастап күшіне енуіне және Қазақстанда өлім жазасын біржола алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін сақталатынына қанағаттанғандық білдіреді.