"Енді Қазақстан тіптен көріктене түсуі үшін қалалар мен аудан орталықтары жайластырылады. Бұның бәріне Астана серпін беріп отыр", - деді Н. Назарбаев.
Президенттің айтуынша, "өңірлердің Астанаға сыйға тартқан гүлзарлары мен субұрқақтары қаланың әсемдігін арттыра түсті. Ең бастысы, барлық қазақстандықтардың Елордасының ісіне қатысы бар екенін көрсетіп берді",- деді президент.
"Астанаға қарап, көптеген облыс орталықтары өз бетімен бой түзей бастады. Өңірлердің экономикасы өсіп, тұрмыс түзеле бастады. Ортақ көңіл-күй мен ортақ өсуден Қазақстан экономикасының өсімі мен Астананың гүлденуі құралады", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.