Қазақстанның оңтүстігінде магнитудасы 4,3 құрайтын жер сілкінісі болды

Оңтүстік Қазақстан облысында сейсенбі күні сағат 07:21-де магнитудасы 4,3 жер сілкінісі болды.


           Оның эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 596 км жерде орналасқан, деп Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мәлімдеді.