Қазақстанның оңтүстігінде осы аптада алғашқы үсік жүрмек

Ауа райын болжау мамандарының мәліметі бойынша,18-20 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі, орталығы және шығысында жауын-шашын болып, арты қарға ұласып, жел күшеюі мүмкін.

Түнде және кей жерлерде күндіз тұман болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус суық, күндіз 5-13 градусқа дейін жылы болады.

Елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысында 19-20 қыркүйекте күн күркіреп, жаңбыр болады және оқтын-оқтын жел соғады. Түнде ауа райы 2-10 дейін жылы болып, топырақта 3 градус аяз болады, күндіз 12-17 градус жылы болады.

Республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз, бірақ түнде 0-5 градус суық, кей жерлерде 5 градус жылы, күндіз 15-20 градусқа дейін жылы болады.