Қазақстанның оңтүстігінде қар жауып - 10 градусқа дейін суытады

Ескерту хабарламада көрсетілгендей, дүйсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болып, соңы ылғал қарға ұласады.

Түнде ауа температурасы 2-7, кей жерлерде 10 граудсқа дейін төмендейді, күндіз 2-7, кей жерлерде 10 градус жылы болады.

Жамбыл облысында да күн суытып, жауын-шашын түседі, соңы қарға ұласады. Ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 10 граудсқа дейін төмендейді, күндіз 2-7, кей жерлерде 12 градус жылы болады.