Энергетикалық классы 11,8 шамасындағы жер сілкінісі 27-мамырда 7 сағат 31 минутта Қырғызстан аумағында болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 363 шақырымда болды. "Таразда 2-3 балл, Жамбыл облысының Мерке ауылында 3 балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Мекеме ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті