Қазақстанның оңтүстігінде су тапшылығы болуы мүмкін

 Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды «Хабар 24» 24.kz- ке сілтеме жасап. 

Оның салдарын жергілікті шаруалар көруі ғажап емес. Осылай еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болжап отыр,

 Бұл тығырықтан шығудың жолын табу үшін Мағзұм Мырзағалиев Ташкентте Өзбекстанның Су шаруашылығы ведомствасының басшысымен кездесіп, Қазақстанға су жеткізу мәселесін талқылады. Дәлірек айтқанда, тараптар «Достық» мемлекетаралық арнасы арқылы Шардара су қоймасын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жолдарын қарады.

Бұл су Түркістан облысының қажеттілігіне жұмсалады. Алайда ала шапанды ағайын еліміздің суармалы жерлері үшін қанша көлемде су жіберетіні әзірге белгісіз. Дегенмен өзбектер Әндіжан бөгенінен Сырдария өзеніне жыл сайын 500 млн текше метр су жіберіп отырғанын айта кету керек.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі: – Жылына 2 рет өзбек тарапымен кездесіп, нақты су көлемдерін анықтаймыз. Дегенмен бізге бұдан басқа екі ел арасындағы үкіметаралық құжат керек. Себебі бұл өте күрделі мәселе. Бұл тек судың көлемдері ғана емес, екі ел арасындағы суды реттейтін тетік болу керек.