Қазақстанның оңтүстігінде жол апатынан автобустың он жолаушысы қайтыс болды


Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Шымкентке бет алған Vanhool маркалы автобусы көктайғақ салдарынан Алматы – Астана жолының 394-ші км жерінде аударылған.
Апаттан он адам көз жұмды. Үш адам Приозерск қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Өзге жолаушыларға дәрігерлік көмек көрсетіліп, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді.
Осы факті бойынша тексеру жүруде. Автобус жүргізушісі уақытша оқшаулағышқа қамалды.