Қазақстанның оңтүстігіндегі тауларда көшкін түсу қаупі бар

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Талас және Оған жоталарында қар көшкіні түсу қаупі тіптен жоғары деп бағалануда.

Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы мен "Қазақ селден қорғау" қызметіне, халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту, байланыс және хабар тарату құралдарының әзірлік жағдайын тексеру жөнінде тапсырма берілді.