Қазақстанның оңтүстік шығысында магнитудасы 3,9 құрайтын жер сілкінісі болды

Алматы облысында сейсмологтар магнитудасы 3,9 құрайтын жер сілкінісін тіркеді.


           Сәрсенбі күні сағат 05:47-де болған жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматының солтүстік шығысынан 190 км жерде орналасқан. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің сейсмикалық тәжірибелік-әдістмелік экспедициясы мәлімдеді.
           Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.