Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі болды; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жөнінде мәлімет жоқ - Төтенше жағдайлар министрлігі



"ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметінше, 2 қыркүйекте 21.30-да (Астана уақытымен) Қазақстан Республикасының аумағында энергетикалық классы 11,1 болатын жер сілкінісі болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 196 шақырымда болды, деп нақтылайды мекеме.

Министрлік ақпаратына сәйкес, Алматыда қуаты 3 балл жер асты дүмпулері сезілсе, Талдықорғанда - 3 - 4 балл дүмпу сезілді.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер, қираулар жөнінде мәлімет жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.