"2007 жылдың мамыр айының аяғында Қазақстанда қазіргі жағдаймен сипаттамаға ие болған 57 орнитологиялық аумақтың (IBA) алғашқы 34-ін Халықаралық құстарды қорғау одағы (BirdLife International) ресми түрде растап, осы ұйымның кең ауқымды тұтынушыларына арналған мәліметтер қорына қамтылды", - делінген мекеменің хабарламасында.
"Бұл тек біздің аумағта ғана емес, жалпы Орталық Азиядағы алғашқы орнитологиялық аумақ (IBA)", - делінегн мәтінде.
Мойындалған IBA арасында Қорғалжың, Наурзум, Ақсу-Жабағылы қорықтары, "Алтын Емел" МҰТС, Арыс және Қаратау, Жусандала қорық аймақтары мен аймақтары мен еліміздің аумағындағы құстар үшін аса маңызды басқа да аумақтар.
Мекеме ақпаратына сәйкес, орнитологиялық аумақ (IBA) - құстардың өмірі үшін аса маңызды жерлер. Оларға сирек кездесетін және құрып бара жатқан құс түрлері мекенденетін, су құстары көп жиналатын су қоймалары мен маусымдық миграция кезінде құстар көп аялдайтын орындар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті