Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттің сенаты депутаттарының сайлауын өткізуге қажетті барлық құжаттардың жобасын жасап қабылдады

"Орталық сайлау комиссиясы барлық қажетті сайлау құжаттары, нормативтік-құқықтық актілер мен тиісті әдістемелік материалдарды жасап, қабылдап, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жолдады", - деді Қ.Тұрғанқұлов.

ҚР ОСК басшысының хабарлауынша, 8 тамызда ОСК "сайлауды ұйымдастырушылармен семинар-кеңес өткізеді, ол алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізу мәселелеріне арналады".