Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы "Сайлау" атты электрондық ақпарат жүйесін құру жұмысымен айналысып жатыр

Оның айтуынша, ақпараттық жүйенің жобасы сайлау процессінің барлық сатыларын автоматтандыру принципіне негізделген. Нәтижесінде, З.Балиеваның айтуынша, басқаның атынан немесе бірнеше мәрте дауыс беру, дауыс беру қорытындысын бұрмалап көрсету, дауыс берген бюллетеньдерді есепке алмай қою, сайлау қорытындысы туралы ақпаратты кешеуілдетіп тарату т.б. қитұрқы әрекеттер мүмкін болмай қалады.

Сайлау учаскелері стандартты кеңсе жабдығымен қамтамасыз етіледі. Бұған көп қаржы талап етілмейді деп күтілуде. Сондай-ақ, сайлау учаскелерін компьютер, принтер, модем, сондай-ақ, электронды дауыс беру пульті, штрих-код белгісін санауға арналған сканер, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздық тәрізді басқа да арнаулы жабдықтармен қамтамасыз ету қарастырылған.
Электронды дауыс беру жүйесін енгізу барысында елімізде 10 мың маман оқытылады, деді З.Балиева. Оның айтуынша, жүйені қолданысқа енгізу "мемлекет тарапынан салиқалы ұстанымды" талап етеді. Автоматтандырылған жүйені қолданысқа енгізу төрт кезеңмен жүзеге асырылады деп күтілуде. Атап айтсақ, нобай-үлгінің тұсаукесері, бірнеше учаскеде пилотты жобаны жүзеге асыру, жүйені мемлекеттік комиссияға тапсыру және сынақ сатылары жүзеге асырылмақ. Жүйенің кемшіліктері алғашқы сатыларда айқындалып, ретке келтіріледі.
З.Балиеваның айтуынша, жобаны жүзеге асыруға 4,2 млрд. теңге қажет. 2004-жылғы республикалық бюджеттен оған 1,9 млрд.теңге бөлінсе, алдағы жылы қосымша 2 млрд. теңге жұмсалмақшы.
"Сайлау " жобасының теориялық нұсқасын Беларусь Ұлттық ғылым академиясының информатика проблемалары жөніндегі біріккен институты жасаса, қолданбалы бағдарламалық қамтамсыздықты отандық мамандар ойластырған. Автоматтандырылған "Сайлау" жүйесінің нобай-үлгісін ҚР ақпараттандыру және байланыс Агенттігі, ҰҚК, "Қазақтелеком" ААҚ-ның , сондай-ақ, Microsoft және Oracle компанияларының Қазақстандағы өкілдіктерінің сарапшылары бірлесе отырып жасап шығарған.