«Қазақстанның өзендері мен көлдері» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Байқау жыл сайын 2 ақпанда аталып өтілетін Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күніне орайластырылды. Көрмеде Қазақстанның сулы-сазды алқаптары бейнеленген мектеп оқушыларының суреттері ілініп отыр. Балалар байқауда екі аталым бойынша сынға түсті. Бірі - «Қазақстанның өзендері мен көлдері» деген атпен пейзаж жанрындағы гобелен, сурет, кесте түріндегі шығармалар арасында болса, «Су қоймаларындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі» деп аталған екінші аталымда матадан, қағаздан, ағаш бұйымдардан, киізден, саздан жасалған қолданбалы өнер түрі бойынша кім үздікті анықтады. Байқаудың жеңімпаздары БҰҰ-ның Даму бағдарламасының өкілдерінің арнайы сыйлықтарына ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты - қатысушылардың Қазақстандағы өзен мен көл жүйелерінің биологиялық әралуандылығын суреттейтін туындылары арқылы, осы саладағы өзекжарды мәселелерге қоғам назарын аудару. Балғындардың отанына, ондағы табиғатқа деген патриоттық сана-сезімдерін жоғарылату.

1971 жылғы ақпанның 2-сінде Рамсар қаласында (Иран) Сулы-сазды жерлер конвенциясына қол қойылған болатын. Ал 1997 жылы дәл осы күні Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні мереке ретінде атала бастады. БҰҰ-ның Даму бағдарламасының қолдауымен Қазақстан Рамсар Конвенциясына 2007 жылы қол қойды. Осылайша біздің Үкімет Қазақстандағы сулы-батпақты жерлерді және ондағы флора мен фаунаны келешек ұрпақ үшін аялауға міндеттеме алды. Бұл оқиға әр түрлі елдердегі қоғам мен үкіметтерінің назарын жер шарының тұрақты дамуын қолдауға пайдалы сулы-сазды жерлердің құндылығына аударуға шақырады.