Қазақстанның парламент сенатының төрағасы Қытайдың тарихшы ғалымдарымен кездесті

"Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы кең ауқымдағы өзара ықпалдастық мәселелері бойынша пікір алмасты. Қ. Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастықтың әртүрлі салаларындағы диалогтың табысты дамуын атай отырып, мәдени және гуманитарлық алмасулардың әрі қарай нығая беруінің маңыздылығын атап көрсетті", - деп жазылған баспасөз баянында. Атап айтқанда, Қ. Тоқаев қазақ халқының тарихы туралы қытай ғалымдарының еңбектерін жоғары бағалады. "Сіздердің зерттеулеріңіз Қазақстанда үлкен қызығушылық тудырып отыр", - деп атап көрсетті сенат төрағасы.

Баспасөз қызметінде баяндағандай, өз кезегінде қытай ғалымдары Қазақстанмен мәдени мұраны зерттеу саласында ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық танытты. Олардың пайымдауынша, қазақтардың мәдени мұрасын зерттеу және бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу екі көршілес мемлекеттердің халықтарының мәдениеттерін жақындастыру ісінде маңызды құрал болып табылады.