Кеше Қазақстан парламентінің мәжілісі аталмыш түзетулерді мақұлдаған болатын.
Бұрын хабарлағанымыздай, заң жобасымен стратегиялық маңызы бар жер қойнауларын (кеніштерді) игеру, немесе барлауға ертеректе жасалған келісім-шарттарына кері бағытта күш беру қарастырылған.
Заң жобасында сондай-ақ Қазақстан Республикасы үкіметіне жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімнің шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді талап ету құқығын беру қарастырылған.
Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартын бұзу негіздерінің тізімін кеңейту қарастырылған. Енгізілген түзетулерге сәйкес, стратегиялық маңызы бар жер қойнау мен учаскелерді анықтау үкіметтің құзырлығына кіреді.
Қолданыстағы заңға толықтыру енгізу уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеттері салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартын орындаудан бір жақты бас тарту құқығы берілмек.
Аталмыш құжат "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық мүддесін қорғау мақсатындағы" депутаттардың бастамасымен әзірленген болатын. Үкімет аталмыш құжатқа оң қорытынды берді.
Заң жобасы елбасының қол қоюына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті