"29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Кувейтте халықаралық исламдық экономикалық форум өтеді, оған еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев басқарған Қазақстан өкілдері қатысады", - деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, "Кувейттегі бизнес-форумға Қазақстанның ірі бизнес өкілдерінің қатысуы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кейінгі халыққа арнаған жолдауларында айтылған Парсы шығанағындағы араб елдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды әртараптандыру жөніндегі мақсаттарды жүзеге асыру тұрғысынан аса маңызды".
"Бизнес-форум Қазақстандық өкілдерге Ислам конференциясы ұйымына мүше елдермен барлық бағыттағы болашақтағы өзара тиімді ынтымақтастықтың басымдықтарын айқындауға мүмкіндік береді", -деді ресми өкіл.