Қазақстанның православиелік діндарлары 2008 жылдың 7 қаңтарында Рождество тойын тойлайды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, епархияның басты шіркеуі - Алматыдағы Свято-Вознесенский кафедралық соборында Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округінің басшысы, Астана және Алматы метрополиті Мефодий құдайға құлшылық жасайды.

7 қаңтар күні 17 сағатта Алматы қаласының Свято-Вознесенский кафедралық соборында бас діндар духовенство өкілдерін, ғибадатшылар мен азаматтарды Христостың Рождество мейрамымен құттықтайды.