Қазақстанның премьер- министрі ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті

Хабарламада айтылғанындай, кездесу кезінде ауыл шаруашылық, қаржы және мұнай газ саласындағы екі жақты қатынастар жөнінде мәселе көтерілді. Сондай-ақ, Қытай мен Қазақстанның шикізат емес секторындағы жобаларға инвестиция салудың тиімді жолдары да қарастырылды.

Кездесу кезінде ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао қазақ халқы мен республика басшысы Н. Назарбаевты Алматыда халықаралық олимпиада алауы эстафетасының жүргізілгендігі үшін алғысын білдірді.

"Қазақстан халықаралық эстафетасын ұйымдастыру үшін үлкен жұмыс атқарды. Мен қазақ халқына үлкен ризашылығымды айтып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы құрмет білдіремін",- деді Ху Цзиньтао.

Ол ҚР президентін XXIX жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысуға шақырды. Сол кезде екі жақты кездесулерді өткізуге мүмкіндік болады деген сенімін білдірді.

ҚХР басшысы атап өткеніндей, қытай басшылығы Қазақстанмен достастық, игі ниетті көршілестік рухындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бар күшін жұмылдыруға дайын екендіктерін жеткізді.

"Біз халықаралық және аймақтық деңгейде ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз ",- деп қорытындылады Ху Цзиньтао.