"Сіз тиісті қаржы органдарының дүниежүзілік қаржы дағдарысына байланысты белгілі себептермен 2008 жылы экономиканың өсу қарқыны төмендейтіндігін күтіп отырғандығы туралы үкіметтің арнайы мәлім еткендігін білесіз",- деді К. Мәсімов.
"Осыған сәйкес ел аумағындағы құрылыстарда да бәсеңдеушілік болады, бұл объективті және қажетті үрдіс",- деп қосты ол.
"Сондықтан да басқа салаларға өтетін құрылыс мамандығы бар адамдардың пайда болатындығына, оның барлығы заңды бола бермейтіндігіне сіздердің ерекше назарларыңызды аударамын",- деп атап өтті премьер.
Осыған байланысты премьер-министр ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановқа "басқа елдерден келетін заңсыз мигранттар мәселесін қарастырып, осы жұмыс орындарын босатуға байланысты ешқандай заңсыздықтарға жол бермеуді" тапсырды.