ТМД бақылаушылар миссиясы өздерін "Достастық елдерінде болып жатқан сайлау процестеріне ақиқат, объективті және әділ баға беретін ұйым ретінде" көрсетіп отыр, деді Кәрім Мәсімов жұмада миссия басшысы Владимир Рушайломен кездесуінде. Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр "ТМД бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы алдағы сайлауда да осы бағытта жұмыс істейтіндігіне сенімді екенін жеткізді".
В. Рушайло өз тарапынан республикадағы сайлауды бақылау үшін барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті. "Біздің бақылаушылар Қазақстанда өз жұмыстарын бір айдан астам уақыт бұрын бастаған және де сайлауға дайындық барысы туралы толық мағлұматқа ие болды",- деді ол. Ол, сондай-ақ "сайлау процессін бақылау үшін құқықтық және техникалық жағдайлар бар", деп атап өтті.
Қазақстанға парламент мәжілісінің депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлау барысын бақылауға ТМД байқаушылар миссиясынан 448 сарапшы келген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті