Қазақстанның президенті мен Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады

"Қазақстан президентімен өте жақсы кездесу өтті, кездесу барысында біз қабылданған жаңа стратегия (Еуроодақ пен Орталық Азияның ынтымақтастығы - агенттік ескертп.) жөнінде пікір алмасып, екіжақты қатынастардың, соның ішінде экономика және энергетика саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқыладық",- деді Х. Солана президентпен кездесуден кейін өткен брифингте.

"Менің пайымдауымша, бұл өте жақсы нәтиже және де біз әділетті ынтымақтастығымызды жалғастырамыз",- деп қорытындылады Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Одақ пен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 2006 жылы 22,7 млрд АҚШ долларына жетсе, 2007 жылдың қаңтар-маусым айларында 12,5 млрд АҚШ долларына жеткен. Еуроодақ елдері ынтымақтастық жылдарында Қазақстанның экономикасына 35 млрд астам АҚШ долларын инвестициялаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті