Маңғыстау облысы мен Астанада баға өзге өңірлерге қарағанда жылдам өсіп жатыр. Ranking.kz порталы Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтеріне талдау жасады.
2018 жылдың алты айында елімізде тауарлар мен қызметтер орташа 2,6%-ға қымбаттаған. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,7% болған.
Өңірлер арасында баға өсімі бойынша Маңғыстау облысы (айына 0,8% және жылына 7,3%) көш бастап тұр. Екінші орынға Астана (тиісінше 0,3% және 6,9%) жайғасқан. Үштікті тұтыну бағасы айына 0,4% ға, жылына 6,8%-ға өскен Қызылорда облысы түйіндеді.
Қарағанды облысында осы айда баға мүлде өспеген, ал бір жыл ішінде 5%-ға шарықтаған.
Биылғы жағдайды жылдық өсім 12,7%-ға жетіп, кейіннен Ұлттық банк жағдайды тұрақтандырған 2016 жылдағы дағдарыспен салыстыра қарауға болады.
Оқи отырыңыз:
«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»
Әлемнің танымал фотографтары Астананың 20 жылдығына ерекше тарту жасамақшы