Caravan Logo

Қазақстанның қарулы күштерінде кадрлық тағайындаулар жасалды

Қазақстанның қарулы күштерінде кадрлық тағайындаулар жасалды

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен Алсай Төлеуұлы Жұманов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметіне, Нұржан Нұрланұлы Мұқанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды», - делінген Ақ орда сайтындағы ақпаратта.

48 жастағы А. Жұманов бұл тағайындауға дейін ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының орынбасары – ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК бас басқармасының бастығы болған.