Қазақстанның қаржы және валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды - үкімет басшысы

Премьер-министр АҚШ-тың ипотекалық қағаздар нарығындағы дефолт салдарынан аса маңызды биржалық индекстердің күрт түсуі мен халықаралық биржалардағы белсенділіктің төмендеуіне байланысты әлемдік қаржы нарығында кейбір тұрақсыздық белең алғанын еске сала кетті. "Қалыптасқан ахуал Қазақстанның қаржылық жүйесінің тұрақтылығына да әсер етіп, қысқа мерзімді қолма-қол ақша тапшылығы мен Қазақстандық банктердің сыртқы міндеттемелерін орындауына қатысты проблемалар көрініс берді", - деді Кәрім Мәсімов.

"Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агентітгі мен үкімет тарапынан дер кезінде қолданылған шаралардың нәтижесінде еліміздің қаржы және валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды", - деді премьер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті