Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады

Сонымен бірге кездесуде тараптар лаңкестікке қарсы күрес, Ауғанстанға көмек көрсету, Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты қарым-қатынас ахуалына қатысты мәселелерді талқылады.

АҚШ өкілдері Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне атсалысуы мен ролінен хабардар болды.

Кездесуге Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті