"Кемшіліктерді жоюды әскери полиция органдарының жұмыстарын қайта құрудан бастау қажет. Үстіміздегі жыл Қазақстан армиясындағы заңдылық пен әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыстардың сапалы жаңа кезеңінің бастамасы болатындығына сенімдімін",- деді Б. Жаңасаев.
Оның айтуынша, әскери басқару органдары мен әскери құқық қорғау органдарының қабылдап отырған шаралары тәртіп мәселелерінде кейбір оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берген. Соңғы жылдар ішінде заң бұзушылықтар мен қылмыстар санының тұрақты қарқынмен азайып келе жатқандығы байқалады.
Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша әскери қылмыстардың саны 17 пайызға, экономикалық қылмыстар 66 пайызға және жалпы қылмыстар 1 пайызға қысқарған.
Қылмыстар саны Ақмола гарнизонында 38 пайызға, Семей және Гвардейск гарнизондарында 31 пайызға, Приозерскде 50 пайызға, Сарыөзек гарнизонында 67 пайызға төмендеген. Өткен жылы Балқаш гарнизонында ешқандай қылмыс тіркелмеген.