Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде әскери тәртіп мәселелері талқыланды

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, жиынға "Шығыс", "Оңтүстік", "Батыс" және "Астана" өңірлік қолбасшыларының тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, Аэроұтқыр әскер және Әуе қорғанысы күштеріндегі әріптестері мен өзге де лауазымды тұлғалар қатысты.

Тұғырнаманы нақтылау үшін әлі де көп нәрсе істеу керек деген министрліктің әлеуметтік және психологиялық жұмыс департаментінің басшысы Амангелді Ыбыраевтың айтқан сөзіне қарамастан өткен жылмен салыстырғанда әскери тәртіп деңгейі айтарлықтай өскен.

"Біз сіздермен бірге жұмыстағы барлық кем қалған жайттарды анықтауымыз керек. Мұнда бос кеңістік болмауы керек. Әйтпесе, оны жарғыдан тыс қарым-қатынастар мен қандай да бір жағымсыз әсер толтырады", - деді А. Ыбыраев.

Қорғаныс министрінің орынбасары әскери тәрбиешілер алдына болашақ тапсырмасын көлденеңінен қойды. "Сіздер жұмысқа әскери полиция, әрбір бөлімнің жанынан құырлған әйелдер кеңесі, психологтар, жастармен жұмыс жөніндегі офицерлер, медицина жұмысшылары мен әскери қызметкерлер өкілдерін тартуларыңыз керек. Сондай-ақ, жағдайды әрқашан өз бақылауларыңызда ұстап ротыру үшін сарбаздардың ата-аналарымен тұрақты байланыс орнатқан абзал", - деп атап көрсетті ол.

Б. Сембиновтың айтуынша, күн сайын бөлімшелерде сарбаздарды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін шешіп, әскери тәртіпті ұстап тұратындар тәрбиелеуші офицерлер болып табылады. Сондықтан, олардың қызметінің нәтижесі көбінесе әскери бөлімшенің, яғни, әскери бөлімнің және тұтастай Қарулы күштердің әскери дайындығын анықтайды.