Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, М. Рахымбергенов 1969 жылдың 7-қаңтарында Көкшетау облысының Көкшетау ауданының Раздольное аулында дүниеге келген. Көкшетау ауылшарушалық институты мен Қарағанды заң институтын бітірген.
1992 - 1994 жылдары Көкшетау облысының Бұлғақ совхозында инженер-жабдықтаушы, Көкшетау облысында Кусепск совхозының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып жұмыс істеген. 1994 - 1999 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
1999 - 2000 жылдары Ақмола облысының пошта байланыстар жөніндегі республикалық-мемлекеттік кәсіпорын басқармасының қаржы қызметі бөлімін басқарған. 2000 - 2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы басқармасының бас маманы.
2003 - 2006 жылдары Астана қаласының мемлекеттік бас инспекторы, 2006 жылдың сәуірінен бастап - Астана қаласының аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Әйелі және үш баласы бар.