Қазақстанның құрамасы Кореяны әзірге 3:0 есебімен ұтуда

Ойынның бірінші кезеңі аяқталды. Оның нәтижесі бойынша қазақстандық хоккейшілер өз қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Ойынның 3 минутында командамыздың сол жақ шабуылшысы Евгений Рымарев Кореяның қақпасына бірінші шайбаны салды. Одан кейін есепті капитан Талғат Жайлауов еселеп, қарсыластардың қақпасына екінші шайбаны кіргізді. Үшінші шайба шабуылшы Евгений Рымаревтің еншісінде. Қазақстан құрамасының қақпасын Виталий Колесник қорғауда.

Айта кетейік, Қазақстанның бүгінгі қарсыласы Корея хоккейшілер құрамасы бұған дейін Қытайлық Тайпей командасын 22:0 есебімен жеңіп, Жапониядан 1:6 есебімен ұтылған еді. Біздің командамыз болса, Қытай мен Қытайлық Тайпей құрамаларымен өткізген ойындарда айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын.