Қазақстанның Қырғызстандағы жаңа елшісі Э. Қарабаевқа сенім грамотасының көшірмесін табыстады

Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, кездесу барысында Қырғызстанның сыртқы істер министрі елшіні Қырғызстандағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы екі жақты қатынастар Б. Оспановтың белсенді қатысуымен бұрынғы қарқында тереңдеп және кеңейе беретініне үміт білдірді.

Э. Қарабаев жоғарғы деңгейдегі қол жеткізілген Қазақстан-Қырғызстан келісімдер мен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дамып келе жатқан қатынастар болашақта да жалғасын табатынына және екі ел халқының игілігіне жаратылатынына сенім білдірді.