Қазақстанның қыздар құрамасының жаттықтырушысы қаза тапты

самбодан 1984 жылғы әлем чемпионы Қанат Байшолақов қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол оқиғасы сенбі күні сағат 14.00 шамасында Шет ауданында, «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 842-ші шақырымында орын алған. «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі жол шетінде тұрған «Тойота» көлігін соққан. Оқиға салдарынан 1961 жылы туған Қ.Байшолақов ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», деп хабарлады депртаменттен.

Марқұмның туған-туыстарының хабарлауынша, оны жерлеу рәсімі бүгін Жаңаарқа қаласында өтеді.