Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Махачкалада рнайы операция кезінде қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпаратты тексеруде

“Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Дағыстанда ұсталған содырлар арасында Қазақстан азаматтары болуы мүмкін екені туралы нақты ақпарат жоқ. Қазір елшілік БАҚ хабарларында көрсетілген фактілерді тексеру үшін Ресейдің мемлекеттік органдарымен байланысуда”, - деп ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдірахманов бүгін “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне мәлімдеді.

Бұдан бұрын Дағыстан құқық қорғау органдары “Интерфакс” агенттігіне мәлімдегендей, арнайы шара барысында Махачкалада екі адам құрықталған. Олар қазақстанның азаматтары болуы мүмкін.
“Махачкаланың Шәміл көшесінде бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде екі адам іштен құлыптанып алған, олармен келіссөздер жүргізу барысында бейсенбі күні сағат 2.00-ге таман ұсталды”, дейді сұхбатасушы.
Олар құрықтар алдында терезеден оралған күдікті затты лақтырып үлгерген, ол зат гидравликалық пушканың көмегімен жойылды.