Қазақстанның РФ-дағы төтенше және өкілетті елшісі РФ СІМ-мен кездесті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Н. Әбіқаев

С.Лавровқа Астана қаласында 2008 жылдың қазанында жоспарланған мұсылман және Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: әр түрлілік арқылы дамысқа жету" атты форумына қатысуға шақыру ұсынды.

"Тараптар 2007 - 2008 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-әрекеттерінің жоспарының жүзеге асу барысы туралы, сондай-ақ, интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ықпалдасу мәселелері мен халықаралық және аймақтық істер бойынша пікір алмасты", - деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен бірге, С. Лавров Н. Әбіқаевты Ресей президентінің сайлау науқанының барысы жайлы құлағдар етті.