Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ шығарған режиссер Әділхан Ержановтың “Риэлтор” фильмі Ресейдің “Дебоширфильм - Чистые грезы- XIV" халықаралық кинофестиваліне қатысады”, - делінген “Қазақфильм” киностудиясы сайтында орналасқан хабарламада.
"Дебоширфильм - Чистые грезы-XIV" кинофестивалі 10-15 қараша аралығында өтеді.
Кинофестиваль 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Оны ресейлік актер мен режиссер Александр Башировтың кинокомпаниясы ұйымдастырған.
“Қазақфильм” мәліметіне сәйкес, шараға әділ қазылар алқасы ретінде режиссер Владимир Бортко, оператор Милош Спасоевич, суретші Никас Сафронов, киносыншы Любовь Аркус және музыкалық журналист Артемий Троицкий шақырылған.
Бұдан бұрын “Риэлтор” фильмі Анапада өткен “Киношок-2011” атты ресейлік фестивальда қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған. Картина “Еуразия” VII халықаралық кинофестивалінің халықаралық конкурсына қатысты.