KZ-today тілшісінің хабарлауынша, О.Жұмабеков "сайлау процессін қолдау мақсатында АҚШ елшілігі жоспарлаған шаралар туралы" ештеңе айта алған жоқ. Алайда, бұл мәселелер Орталық сайлау комиссиясының құзырындағы мәселелер деп атап өтті.
Сонымен бірге О.Жұмабеков Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының мүшесі ретінде Қазақстан осы ұйымның алдында міндеттеме жүктейді, деп атап өтті. "Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының нұсқауларына құлақ асамыз, біздің ұйым алдында жүктеп алған және Копенгаген стандарттарына байланысты міндеттемелеріміз бар",- деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен аптада ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбеков пен Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвейдің кездесуінде АҚШ елшілігі тарапынан Қазақстандағы сайлау процессін қолдау шаралары әзірленіп жатқанын елші хабарлады. Келіссөздер барысында тараптар шаралардың Қазақстан заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан Бас прокуратурамен алдын-ала талқыланып келісіледі деген уағдаластыққа келді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті