Қазақстанның Шекара қызметі бастығы Түркіменстанмен және Өзбекстанмен шекараны тексерді

Түркіменстанмен және Өзбекстанмен шекарадағы бөлімшелердің әскери дайындығын тексерді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Н.Жоламанов техникалық бақылау заставалары мен бекеттерінің жағдайы, олардың әскери дайындығы, жабдықталу деңгейі және жауынгерлердің тұрмыстық ахуалымен танысты.

Жекелеген бөлімшелер жоспарсыз тексерілді.


Сонымен қатар, Н.Жоламанов «Бейнеу» әскери қалашықтары мен «Үстірт» шекара бекетінің құрылысымен танысып, бөлімше командирлеріне нақты тапсырмалар берді.