Қазақстанның шекарашылары Қырғызстанға 32 тонна спирт алып өтпек болғандардың жолын кесті

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, екі КамАЗ жүк көлігіне тиеп, контрабандалық жолмен спирт алып өтпек болған Қазақстанның екі азаматын "Қайнар" күзетінің шекарашылар жасағы қолға түсірген. Сонымен, қатар, павлодарлық шекарашылар "Өрлітөбе авто" шекара бақылау пунктінде психотроптық зат алып өтпек болған Ресей азаматын ұстаған.

"Қазақстаннан Ресейге бет алған ресейлікті тексеру барысында оның күртешесінің қалтасынан күлгін түсті 42 таблетка салынған полиэтиленді дорба табылған. Таблеткалар сараптамаға жіберілді, ал құрықталған ресейлікпен өкілетті органдар айналысуда",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті