Қазақстанның шығысында 5 мың гектар жер отқа оранды (ВИДЕО)

«Дала өрті! Жарма ауданы, Бірлік ауылдық округі. Шамамен 5000 гектар жер отқа оранған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Департамент мәліметтері бойынша, өртті жоюға ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 17 техникасы мен жеке құрамның 126 адамы, «Темір Жолы» өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілерге 60 жергілікті тұрғын көмектесті.