Caravan Logo

Қазақстанның ШЫҰ төрағалығы мерзімінде түрлі деңгейдегі 100 іс-шара өткізілді

Қазақстанның ШЫҰ төрағалығы мерзімінде түрлі деңгейдегі 100 іс-шара өткізілді

делінген ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың http://pm.kz сайтында.

Республика ШЫҰ тарихында 2010-2011 жылдарға арналған ШЫҰ іс-әрекет жоспарын қабылдау бастамасын көтерді, оның аясында түрлі деңгейдегі және бағыттағы 100-ден астам іс-шаралар өткізілді.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуде негізгі міндеттерінің бірі - ШЫҰ аясында ынтымақтастықтың үш бағытын дамытуға бағытталған ұйым қызметін белсендіру: қауіпсіздік, сауда-экономикалық, және мәдени-гуманитарлық салалар.

"ШЫҰ 10 жыл толуына арналған Мерейтойлық саммит Қазақстан төрағалығының жетістігін көрсетеді, бұндай шараны өткізу еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-техникалық дамуын жоғары ұйымдастыру деңгейіндегі жетістіктерін серіктестердің мойындауының айқын белгісі", - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.