Қазақстанның солтүстігінде, батысында және орталығында боран салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды

Мәселен,Ақтөбе облысында Ақтөбе–Астрахань (92-330 шақырым); Самара–Шымкент (753-1240 шақырым); Самара-Шымкент (710-526 шақырым); Қарабұтақ (0-231 шақырым); Ақтөбе-Орск (21-135 шақырым); Солтүстік айналым (0-39 шақырым); Қандыағаш–Ембі–Шалқар-Ырғыз (0-401 шақырым) жолдары жабылған, делінген ведомствоның ақпаратында.

Ал Ақмола облысында боран салдарынан жол нашар көрінгендіктен Жақсы–Есіл–Бұзулық (0-82 шақырым); Астана–Щучинск (18-231 шақырым); Астана–Ерейментау (16-169 шақырым); Екатеринбор-Алматы (1280-1353 шақырым); Астана-Қорғалжың (18-169 шақырым); Көкшетау–Атбасар (0-184 шақырым) жолдары жабық.

Қостанай облысында бүкіл аумақ бойынша Қарабұтақ-Қостанай (549-509 шақырым) мен Қостанай-Челябі (544-374 шақырым) учаскілерінен басқа жолдар түгел жабық.


Қарағанды облысында Қарағанды–Астана жолы жабық.

Павлодар облысында Шідерті-Астана жолы.

Солтүстік Қазақстан облысында Мамлютка-Қостанай жолымен көліктерге жүруге тыйым салынған.

Астанада қаладан бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылған.

Алматы облысында 18-қаңтардан бастап Үшарал-Достық трассасы жабық.